Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде ресми түрде тіркелді

Опубликовано:

Қарақат Әбден
Қарақат Әбден. Фото: Facebook/Karakat Abden

Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясына Қарақат Әбден құжаттарын 2022 жылдың 8 қазанында тапсырғанын айтты. Оны "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" үкіметтік емес ұйымы ұсынған болатын.

"Қазақстан президенттігіне кандидатты ұсыну жөніндегі жоғары орган отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелер, Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі, президент сайлауына қатысуға келісімі және өмірбаяндық деректері мен сайлау жарнасының төленгенін куәландыратын құжат ұсынылды", - дейді Шавхат Өтемісов.

Спикер Орталық сайлау комиссиясы 11 қазанда оның кандидатурасын заң талаптарына сәйкес келеді деп тапқанын атап өтті.

"Сонымен қатар кандидатқа азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, сеніп тапсырылған өкілдер еліміздің 15 өңірінен президенттікке кандидатты қолдаған 121 314 азаматтың қолын жинаған. Оның 120 158-і тексерілді, 118 418 сенімді деп танылды", - дейді Өтемісов.

Осылайша қазіргі уақытқа дейін Қазақстан президенттігіне Қарақат Әбденнен басқа Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев және Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде кандидат ретінде тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993390-qaraqat-abden-prezidenttikke-kandidat-retinde-resmi-turde-tirkeldi/

pixel