Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдеріне өз жұмысын қалай бағалайтыны туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері үкімет басшысына желіде оның тарапына жиі сын айтылып жүргенін, сондықтан отставкаға кетуге шақыратынын жеткізген.

Осыған байланысты журналистер үкімет басшысынан өз жұмысын қалай бағалайтыны жөнінде сұрады.

"Мен күнделікті жұмыс істеймін, бар күшімді саламын. Мен қоғам мен мемлекет басшысы тарапынан жасалған қолдауға алғыс айтамын және сенімдерін ақтауға тырысамын. Маған баға беретін президент және халық", - дейді ол.

Одан бөлек, премьер-министр өзінің ұстанымы біреуге ұрсып немесе қызметінен бостау емес, жұмысты ұйымдастыру, яғни, алға қойған міндеттерді бәрін жүйелі түрде атқару екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993402-ukimet-bassysy-alixan-smaiylov-otstavkaga-ketu-turaly-suraqqa-zauap-berdi/

pixel