Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда ірі шетелдік университеттің филиалы ашылады

Опубликовано:

Талдықорған
Талдықорған. Фото: Egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуде Талдықорғанда шетелдік ірі университеттің филиалы ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Борт №1 Telegram арнасы.

"Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін мен Қазақстанда әлемнің жетекші бес техникалық университетінің филиалдарын ашу туралы бастама көтерген болатынмын. Менің тапсырмам бойынша үкімет облыс әкімдігімен бірлесе отырып, Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын құру мәселесін пысықтап жатыр", – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, өңірдің ерекшелігін ескере отырып, университет ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және цифрлық технологиялар саласы бойынша мамандар дайындайды.

"Бұл өңірден жастардың кетуін азайтып, жергілікті экономиканы кәсіби деңгейі жоғары кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін, 20 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жетісу өңіріне келді. Облыс жұртшылығымен кездесу барысында ол Талдықорғанда орналасқан барлық инфрақұрылымы бар индустриалды аймақ шетелдік компанияларды көшіретін алаңға айналуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар, президент облыстың екіге бөліну себебі мұқият ойланып жасалған қадам екенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993552-taldyqorganda-iri-seteldik-universitettin-filialy-asylady/

pixel