Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шетелдік компанияларды көшіруге Талдықорғандағы өнеркәсіптік ауданды ұсынды

Опубликовано:

Зауыт
Зауыт. Көрнекі фото: Pexels.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріндегі жұртшылықпен кездесу барысында Талдықорғанда орналасқан барлық қажетті инфрақұрылымы бар индустриалды аймақ шетелдік компанияларды көшіру алаңына айналуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Борт №1" Telegram арнасы.

"Жалпы, біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығы экспортының шикізаттық бағдарынан бас тартып, қайта өңдеуді біртіндеп дамыту өте маңызды. Әлемдегі санкциялық текетірес бұл тұрғыда жаңа бірегей мүмкіндіктер ашады", — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, облыста ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынын жеделдету үшін ірі инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру қажет.

"Талдықорғанда орналасқан, барлық қажетті инфрақұрылымы бар индустриалды аймақ шетелдік компанияларды көшіру алаңына айналуы мүмкін", — деді президент.

Мемлекет басшысы айтқандай, дайын азық-түлік өнімдерін өндіру мен ілгерілетуге баса назар аудару қажет.

"Өңірдің транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланып, кейіннен оларды кері экспорттау үшін көршілес елдердің ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін бірлескен кәсіпорындар құру орынды", — деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінде жұртшылықпен кездесуінде Талдықорғанда ірі шетелдік университеттің филиалы ашылатыны жайлы айтқан болатын. Одан бөлек, мемлекет басшысы елдегі несие мәселесіне тоқталып, көп адамның қарызға батып жүргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993573-toqaev-seteldik-kompaniyalardy-kosiru-usin-taldyqorgandagy-onerkasiptik-audandy-usyndy/

pixel