Мұхтар Тілеуберді: Қазақстанның Ресеймен арадағы мемлекеттік шекарасының 30 пайызы демаркацияланбаған

Опубликовано:

шекара бекеті
Шекаралық аймақ. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сенат кулуарында Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны демаркациялау рәсімі қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыртқы істер министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асатынын атап өтті.

Министрдің сөзінше, оның 70 пайызы демаркацияланған.

"Қалған 30 пайызы таулы аймаққа кіреді. Оған тағы 2-3 жыл керек. Әрине екі жақты шекараны айқындау (делимитация – ред.) процесі аяқталды. Біз шекараның нақты қай жерден өтетінін білеміз. Тек сол жерді бекіту процесі қалды", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, Ресеймен арада Каспий теңізі бойынша шекара мәселесін шешу жұмыстары да жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993601-muxtar-tileuberdi-qazaqstannyn-reseimen-aradagy-memlekettik-sekarasynyn-30-paiyzy-demarkaciyalanbagan/