Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркелді

Опубликовано:

Салтанат Тұрсынбекова
Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігі тапсырылды. Видеодан кадр: election.gov.kz

Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі отырыста үміткер Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекованың ОСК-ға барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын айтты. Спикердің сөзінше, Қазақстанның барлық өңірінен оған сенім білдірген 119 316 азаматтың қолы жиналған.

"Оның ішінде 118 434 қол сенімді деп танылды. Салтанат Тұрсынбекованы тіркеуге қажетті барлық құжат президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді", - дейді Асылбек Смағұлов.

Нәтижесінде ОСК Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеп, оған кандидат куәлігін берген.

"Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы кандидат ретінде тіркеді", - дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске сала кетейік, құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993618-saltanat-tursynbekova-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-retinde-resmi-tirkeldi/

pixel