Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК Нұрлан Әуесбаевты да Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді

Опубликовано:

Нұрлан Әуеспаев
Нұрлан Әуеспаев. Скриншот: ОСК ресми сайты

Бүгін, 20 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Бұл туралы ОСК отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК президенттікке Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ОСДП) ұсынылған кандидат Нұрлан Әуесбаев барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын, сондай-ақ оның сайлауға қатысуына кедергі келтіретін сырқаттары жоқ екенін хабарлады.

Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев өзін қолдайтын 120 мыңнан астам қол жинаған. Осылайша ОСК Әуесбаевты ел президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркеу туралы шешім қабылдаған.

Әуесбаевтың өзі отырысқа қатысып, оған ресми түрде кандидаттық куәлік табыс етілген.

Еске сала кетейік, ОСК Нұрлан Әуесбаевты 10 қазанда Қазақстан президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сай екенін хабарлаған болатын.

Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылып отыр.

Айта кетейік, бүгінге дейін ОСК Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде алты үміткерді тіркеді. Олар: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова және Нұрлан Әуесбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993647-osk-nurlan-auesbaevty-da-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-retinde-tirkedi/

pixel