Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты

Опубликовано:

елші
Қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің бірнеше елдегі елшілігінде ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Лихтенштейн князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның егеменді әскери госпитальерлері орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
  • Сондай-ақ Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына;
  • Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстанның Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар президент жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстанның Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993697-qazaqstannyn-setelderdegi-birqatar-elsisi-auysty/