Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты

Опубликовано:

жиын
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкентке жұмыс сапарымен келді.

Күн тәртібіндегі алғашқы іс-шара ретінде Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның және қаланың қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, қоғамдық кеңестің құрамы, депутаттық корпус пен БАҚ өкілдері, сондай-ақ Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі – Какимжан Бишманов және оның әріптестері конференц-байланыс арқылы қатысты.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы принципті ұстаным билік органдарының барлық басшыларына қатысты екенін атап өтті.

Іс-шара барысында Саян Ахметжанов Агенттіктің елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудағы жаңа тәсілдері туралы хабарлады. Халықты толғандыратын салалардағы сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдайларды жою мақсатында республиканың әрбір өңіріне арнайы бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы туралы айтты.

"Шымкент қаласының тәуекелдер картасында білім беру, медицина, құрылыс, жер қатынастары, қаржы, полиция, әлеуметтік қорғау және т.б салалар көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері енді проблемалық салалардағы азаматтар мен мемлекет үшін пайдалы әрекет коэффициенті негізінде бағаланады", - дейді ол.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шаттық Өтеев Департаменттің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары туралы баяндап, мемлекеттік органдардың жұмысында айқындалған сыбайлас жемқорлық схемаларын атап өтті.

Сондай-ақ, Шаттық Өтеев жер және тұрғын үй комиссиялары жұмысының, сонымен қатар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, жер қатынастары саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытқа белгіленген жоспарлар туралы хабарлады.

Әкімдікпен және полициямен бірлесіп, полицияның сервистік моделінің жұмысын қайта қарау, сондай-ақ қарапайым жұмыскерлер алымдардан зардап шегетін еңбек ұжымдарының ішінде де сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, сондай-ақ бизнесті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен қорғау жөніндегі қызметті жалғастыруды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993843-sayan-axmetzanov-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-is-qimyl-zonindegi-vedomstvoaralyq-komissiyanyn-otyrysyna-qatysty/

pixel