Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Еуропалық комиссияның президентімен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланған.

Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының аясында Урсула фон дер Ляйен кездесіп, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994022-toqaev-europalyq-komissiyanyn-prezidentimen-ozekti-maseleler-zoninde-pikir-almasty/

pixel