Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты (фото, видео)

Опубликовано:

мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/БОРТN1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ақорда резиденциясының алдында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру Республика күніне орай өткен.

мемлекеттік ту көтеру рәсімі
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі. Фото: Telegram/БОРТN1

Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшысына рапорт берген. Кейін президенттің бұйрығымен еліміздің мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалған.

Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды.

Президенттің баспасөз қызметі мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994204-toqaev-memlekettik-tu-koteru-rasimine-qatysty-foto-video/

pixel