Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Опубликовано:

Айбек Паяев
Айбек Паяев. Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі мәжіліс отырысында белгілі болғандай депутат Айбек Паяев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

"Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарлырыңызға Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", - дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Депутаттар аталған ұсынымға дауыс беріп, нәтижесінде Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Айта кетейік, Айбек Паяев 2021 жылғы қаңтардан бастап – VІІ сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994294-mazilis-deputaty-aibek-payaevtin-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/

pixel