Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Риши Сунакты Ұлыбритания премьер-министрі болуымен құттықтады

Опубликовано:

Риши Сунак
Риши Сунак. Фото: DANIEL LEAL/AFP via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Риши Сунакты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Риши Сунактың көшбасшылық қасиеті мен өзгерістер бағдарламасы Ұлыбританияны қуатты әрі тұрақты етуде шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

"Қазақстан Ұлыбританиямен арадағы берік достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Біздің ынтымақтастығымыз саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізіп, достас мемлекеттеріміздің игілігі жолында одан әрі дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Еске салайық, 20 қазан күні Ұлыбритания премьер-министрі лауазымын атқарған Лиз Трасс отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Кеше, 25 қазан күні елдің бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак жаңа премьер-министр болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994427-toqaev-risi-sunakty-ulybritaniya-premer-ministri-boluymen-quttyqtady/

pixel