Тоқаев Ақордада Еурокеңес басшысы Шарль Мишельді қарсы алды (видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Еурокеңес басшысы Шарль Мишельді қарсы алды. Бұл туралы президент баспасөз қызметінің ресми Telegram парақшасы жазды.
Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель Астанаға ресми сапармен кеше, 26 қазан күні келді. Елорда әуежайында қонақты премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Сапар аясында Еуропалық кеңес басшысы Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездесіп, бірқатар екіжақты келіссөз жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев пен Мишель қыркүйек айының соңында АҚШ-тағы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммит алаңында кездесті. Сол кезде Тоқаев Шарль Мишельге Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың негізгі бағыттары туралы айтып, оны елімізге келуге шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994524-toqaev-aqordada-eurokenes-bassysy-sarl-miseldi-qarsy-aldy/