Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Өзбекстан және Тәжікстан президенттері де келді (видео)

Опубликовано:

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне қатысушылар
Кеңеске қатысушылар. Фото: t.me/bort_01

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне қатысу үшін Астанаға Өзбекстан және Тәжікстан президенттері де келді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТN1 арнасы.

Қазақстан президентің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі мемлекеттің басшыларын - Шавкат Мирзиеев пен Эмомали Рахмонды Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған.

Сондай-ақ Ақордаға Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель де келіп жеткен. Шарль Мишельді де мемлекет басшысы резиденцияда қарсы алған.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш кездесуге қатысу үшін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та Астанаға келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994598-astanaga-ozbekstan-zane-tazikstan-prezidentteri-de-keldi-video/

pixel