Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев және Қасым-Жомарт Тоқаев
Шавкат Мирзиеев және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылаған.

Сонымен қатар тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельдің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысы жөнінде пікір алмасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқаны және мазмұнды сөз сөйлегені үшін Шавкат Мирзиеевке ризашылығын білдірген.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиеев аталған шараның өткізілу деңгейін жоғары бағалап, кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтқан.

Сондай-ақ бүгінгі шарада аймақтағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік болғанын атап өткен.

Айта кетейік, Шавкат Мирзиеев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне қатысу үшін бүгін Астанаға келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994622-toqaev-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirzieevpen-kezdesti/

pixel