Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Қырғызстанға ТМД төрағалығын табыстады

Опубликовано:

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Фото: T.me/bort_01

Астанада өткен ТМД елдері үкімет басшыларының отырысында Қазақстан Қырғызстанға ТМД төрағалығын табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада өткен ТМД елдері үкімет басшыларының отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылы Қырғызстанның ТМД-ға төрағалық ететіні жайлы мәлімдеді.

Сондай-ақ, отырыста келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Қырғыз Республикасының ұсынысы бойынша 2023 жылғы маусымда Сочиде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы шешім қабылданғаны жарияланды.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездескені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994772-qazaqstan-qyrgyzstanga-tmd-toragalygyn-tabystady/

pixel