Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, Сеулдегі қайғылы жағдай өткен түні қаланың Итэвон ауданында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде болған еді.

Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметінше, коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отырған Хэллоуин мерекесіне ондаған мың адам келген. Кенет бір мезетте тар көшедегі адам санының көптігінен, халық кептеліп қалған.

Соңғы мәліметтер бойынша қайғылы жағдайдан қаза болғандар саны 153-ке дейін өскен. Олардың арасында Оңтүстік Кореядағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 26 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы да бар.

Қайғылы оқиғаға байланысты Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994940-toqaev-koreya-prezidentine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel