Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дмитрий Легкий мәжіліс депутаты болып тіркелді

Опубликовано:

Дмитрий Легкий
Дмитрий Легкий. Фото: facebook.com/legk

"Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Легкий мәжіліс депутаты атанды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және Қазақстан Халық партиясы Бюросының 2022 жылғы 22 қазандағы № 279/02-30 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін.

Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін", - делінген ОСК сайтындағы жазбада.

Дмитрий Максимович 1957 жылы Украинада өмірге келген. Қостанай педагогикалық институтын бітірген, тарих ғылымдарының докторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995025-dmitrii-legkii-mazilis-deputaty-bolyp-tirkeldi/

pixel