Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге елдің Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанның Гуджарат штатында көпір құлап, салдарынан 90-ға жуық адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Кейін қаза тапқандар саны жүзден асқаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995079-toqaev-undistan-premer-ministrine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/