Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы орталықтың ресми сайтында хабарланды.

Айта кетейік, Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы.

Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, "Еуроазиялық респираторлық қоғам" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, "ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" ММ бастығы, Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық аурухана" ШЖҚ МКК бас дәрігері болған.

Сондай-ақ ол еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Денсаулық сақтау министрі қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995089-aleksei-coi-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel