Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев қалалық мобильділік басқармасының басшысын қызметінен босатты

Опубликовано:

Ғани Мырзаханов
Ғани Мырзаханов. Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мобильділік басқармасының басшысын қызметінен босатты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласы әкімінің шешімімен Ғани Мырзаханов қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бұл лауазымды қызметке кімнің келгені туралы мәлімет жоқ. Ғани Мырзаханов 2021 жылдың мамырынан бастап басқарма тізгінін қолға алған.

Бұған дейін ол қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995268-dosaev-qalalyq-mobildilik-basqarmasynyn-bassysyn-qyzmetinen-bosatty/