Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға "Рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында:

"Мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.

Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз", - деген еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенат қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңды қабылдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995439-toqaev-raqymsylyq-zasau-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel