Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан парламенті халықтың жерді иелену құқығын бекітті

Опубликовано:

табиғат
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқының жерге меншік құқығын заңды түрде бекітетін заң жобасын қабылдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай норма "Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында бар.

Сенаттың бейіндік комитетінің қорытындысында заң жобасының мақсаты – сайлау жүйесін жетілдіру, заң шығару процестерін нормативтік құқықтық реттеуді дамыту, биліктің мемлекеттік тармақтарының арасындағы тежемелік пен тепе-теңдік жүйесін нығайту, салалық заңдардың ережелерін Конституцияның новеллаларымен корреляциялау екендігі айтылды.

Заң жобасында 15 кодекске, 46 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

  • ел президентінің Жергілікті атқарушы органдарға қатысты жекелеген өкілеттіктерін жою;
  • Қазақстан халқының жерге меншік құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту;
  • саяси партиялар қызметін дамытудың бәсекелестік мүмкіндіктерін кеңейту;
  • құқық қорғау тетіктерін күшейту және тәуелсіздікті нығайту;
  • сайлау процесін жаңғырту;
  • заң шығару рәсімдеріндегі үкімет өкілеттіктерін трансформациялау болып табылады.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау уақыты жарияланған соң халыққа үндеу жасап, онда Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізілгенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995603-qazaqstan-parlamenti-xalyqtyn-zerdi-ielenu-quqygyn-bekitti/

pixel