Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рақымшылыққа іліккендер үшін заңнама бойынша қандай шектеулер бар

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы. Фото: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Қаңтар оқиғасына қатысты рақымшылыққа ілккендер қашан босатылады? Соттылығы алынып тастала ма? Бұл сұрақтарға Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев жауап берді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Құзырлылардың айтуынша, рақымшылыққа іліккен азаматтардың толық соттылығы бойынша мәліметтер базадан алынбайды. Себебі олар ақталған болып есептелмейді екен.

"Рақымшылыққа іліккен адамдар ақталған болып есептелмейді. Бұл оңалту негіздеріне жатпайды. Сондықтан рақымшылық түрінде жазадан босатылған тұлғалар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық акті қолданылған тұлғалар мемлекеттік қызметке де, құқық қорғау қызметіне де жұмысқа тұра алмайтыны қарастырылады.

Олардың туыстарына бұл шектеулердің мүлдем қатысы жоқ. Рақымшылыққа іліккендердің әзірге қашан босатылатыны белгісіз", - деді бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев.

Алдымен азаматтар рақымшылық бойынша өтініш жолдауға тиіс. Заң бойынша сот бұл өтініш хатты бір ай ішінде қарайды. Егер қылмысы ауыр және аса ауыр болмаған жағдайда, күдікті бірден бостандыққа жіберілуі мүмкін. Прокуратураның дерегінше шамамен мың жарымнан аса азамат кешірімге ілікпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995699-qantar-oqigasy-raqymsylyqqa-ilingender-qasan-bostandyqqa-sygady/

pixel