Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Борт N1 Telegram арнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформа нәтижесінде әзірленіп, қабылданған алты заңға жария түрде қол қойды, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

"Осы референдумда азаматтардың басым көпшілігі конституциялық реформаға қолдау білдірді. Сол арқылы халқымыздың бірлігі бекем екенін көрсетті. Мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол аштық. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайттық. Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады.

Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады", - деді президент.

Сондай-ақ Тоқаев жаңартылған Конституцияның тікелей іс-әрекетке бағытталған құжатқа айналатынын мәлім етті.

"Жаңартылған Конституциямыз тікелей іс-әрекетке бағытталған құжатқа айналады. Енді Мәжіліс пен облыстық мәслихат депуттарының бір бөлігі, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты округ бойынша сайланады. Соның нәтижесінде өкілді органдар шынайы халық билігі тармағына айналады.

Елімізде келесі жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы жаңа, барынша әділ және ашық ережелер бойынша өтеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
  • "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
  • "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
  • "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995867-qasym-zomart-toqaev-birqatar-zanga-qol-qoidy/