Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бейбіт Атамқұлов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бейбіт Атамқұлов. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты, Қазақстанның Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады, деп хабарлады Борт N1 Telegram арнасы.

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейтіп, тату көршілік байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілеріне серіктес мемлекеттермен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995879-qasym-zomart-toqaev-qazaqstannyn-zanadan-tagaiyndalgan-elsilerin-qabyldady/

pixel