Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Бас прокуратура ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, айыпталушылар ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов ҚК 175-бабының 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), ҚК 179-бабының 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу), ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану) бойынша;.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ҚК 179-бабының 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу), ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану) бойынша;

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов, ҰҚК департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Д.М. Акипов, ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы Н.К. Бекмұрат Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айыпталуда.

Сондай-ақ Бас прокуратура қылмыстық іс "өте құпия" белгісімен тергелгенін және сотта да осы тәртіпте қаралатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995962-uqk-nin-buryngy-bassylaryna-qatysty-qylmystyq-is-sotqa-zoldandy/

pixel