Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстанды көре алмайтын елдер бар екеніне бәріміз куә болып отырмыз

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/БОРТN1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы қадамдары жөнінде айтты. Бұл туралы Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы хабарлады.

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта қырағылық танытуы керек.

"Шын мәнінде, Отанымыз – бір, халқымыз да – бір. Бұл – ең басты қағидат. Қазақстанды көре алмайтын елдер бар екеніне бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да аса қырағы болуымыз керек. Отанымыздың ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған саясатты жоғары кәсіби деңгейде жүргіземіз.

Сөздің реті келгенде мен тағы бір маңызды мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Мен еңбек құндылығы туралы үнемі айтып жүрмін. Біздің қоғамда еңбек адамы ең құрметті адам болуға тиіс. Әркімге еңбегіне сай, лайықты жалақы төленуі керек. Еңбектің қадірін білетін жұрт қана еңбекқор ұлтқа айналады. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі кездесуде президент Маңғыстау облысында жиі болып тұратын еңбек дауларына қатысты пікір білдіріп, өңірде осындай жағдайлар сындарлы диалог арқылы шешіле бастағаны құптарлық жайт екенін айтқан еді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек даулары қатаң түрде заң аясында шешілуге тиіс екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996043-toqaev-qazaqstandy-kore-almaityn-elder-bar-ekenine-barimiz-kua-bolyp-otyrmyz/

pixel