Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Ескерткіш қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін Атырау жұртшылығымен кездескен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыста ескерткіш қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажеттігін айтты. Сондай-ақ президент мұның тек Атырау облысына емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе екенін алға тартты, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

"Спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі. Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек.

Жалпы, көп шығынды талап етпейтін шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа спорт түрлерін дамытқан жөн. Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімдікке осы шаруаларды пысықтауды тапсырамын.

Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесті.

Президент кездесу барысында Атыраудың тек мұнай мен газға ғана үміт артпай, туризм секілді салаларын дамытуы қажет екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996200-toqaev-eskertkis-qoya-bergennen-gori-sport-zane-medicina-nysandaryn-saluga-basa-nazar-audaru-qazet/

pixel