Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертең кеш болуы мүмкін": Тоқаев жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салу мәселесіне тоқталды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Атырау облысының халқымен кездесуде
Президентті тыңдауға жиналған атыраулықтар. Фото: Т.me/bort_01

Атырау өңірінің халқымен кездесуде мемлекет басшысы жастардың электронды темекіге әуестігі мен энергетикалық сусындарға құмарлығын сөз етті, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Біз бүкіл қоғам болып есірткіге қарсы табанды түрде күресуге тиіспіз. Бұл ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Жастардың жат қылыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек.

Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. Бұл – қауіпті жағдай.

Бізде алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынған. Бірақ, бұл талап іс жүзінде орындала бермейді. Құзырлы органдар бақылауды күшейтуі керек.

Қоғамда энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салу қажеттігі жиі айтылады. Үкімет бұл мәселені мұқият зерделеп, нақты шешім қабылдауы керек.

Мұхтар Әуезовтің "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген сөзі бар. Біз ұрпақтың денсаулығын және тәрбиесін бүгін ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін", – деп ескертті президент.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Атырау облысына бөлінген төрт мың гранттың 800-ге жуығы ғана игерілгенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996206-toqaev-energetikalyq-susyndardy-zastarga-satuga-tyiym-salu-zoninde-tapsyrma-berdi/

pixel