Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезектен тыс президент сайлауы: телевизиялық пікірсайысқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді

Опубликовано:

Дауыс беру
Дауыс беру. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың телевизиялық пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауы алдындағы телевизиялық пікірсайыс ұйымдастыру және өткізу туралы қаулы қабылдады.

ОСК қаулысына сәйкес, президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысы 11 қараша күні "Хабар" арнасында өтеді.

Осы қаулыға сәйкес сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастарға қатысушылар тізімі нақтыланған.

Телевизиялық пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы анықталды: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенім білдірілген адамы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996249-kezekten-tys-prezident-sailauy-televiziyalyq-pikirsaiysqa-qatysatyn-kandidattar-tizimi-bekitildi/

pixel