Тоқаев Өзбекстанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Опубликовано:

Самарқанд
Самарқанд қаласы. Фото: Facebook/Sampress.uz

10-11 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Самарқандтағы жиын барысында мемлекет басшылары Түркі мемлекеттерінің ұйымы аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 8 қарашада мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысында болды.

Президент Атырау өңірінің жұртшылығымен кездесуде өңірдің ауыз су мәселесі, шұрық-тесік жолдары, тозығы жеткен су құбырлары мен электр желілерінің мәселесін қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996356-toqaev-ozbekstanda-otetin-turki-memleketteri-uiymynyn-sammitine-qatysady/