Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат Әбден синтетикалық есірткіге қарсы шықты

Опубликовано:

Қарақат Әбден
Қарақат Әбден: Facebook/Karakat Abden

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қарақат Әбден синтетикалық есірткімен белсенді күрес жүргізудің маңызы туралы айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі жазбасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарақат Әбден арзан әрі қолжетімді есірткіні сатуға тосқауыл қоюға шақырды.

"Құрметті қазақстандықтар! Бүгін тағы бір үлкен дертке айналған проблеманы ортаға салғым келіп отыр.

Ұлт болашағына нағыз қауіп төндіретін мәселе – есірткі. Талай азаматтарымыздың санасын улады, тағдырын құртты. Қазір мамандар дабыл қағуда. Осыны естігенде бірден ине ұстаған нашақорларды елестетеміз. Бірақ жағдай одан да күрделі. Қазір синтетикалық есірткінің заманы. Арзан әрі қолжетімді бұл есірткінің зардабы өте ауыр. Есірткіге тәуелді болғандардың арасында жастар көп", -деп жазды ол.

Қарақат Әбденнің айтуынша, нашақорлар қатарының жасарып бара жатқаны үлкен мәселе. Бұл ретте ол құзырлы мекемелерді сынға алды.

"Синтетикалық есірткіні қолданатындардың қатарында тіпті мектеп оқушылары да бар. Статистика өте қорқынышты. Нашақорлардың қатары неге жасарып бара жатыр? Осыны бүгін анықтап, әрекет жасамасақ, ертең тым кеш болады. Неге есірткіні сатып алу тым оңай? Құзырлы мекемелер қайда қарап отыр?", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996596-qaraqat-abden-sintetikalyq-esirtkige-qarsy-syqty/

pixel