Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайлауға оппозиция атынан түсетін Нұрлан Әуесбаев ОСК-дан сөзжарыс ұйымдастыруды талап етті

Опубликовано:

Нұрлан Әуесбаев
Нұрлан Әуесбаев. Фото: Facebook/Нурлан Ауесбаев

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ЖСДП) президенттікке кандидат Нұрлан ӘуесбаевОрталық сайлау комиссиясынан сөзжарыс ұйымдастыруды талап етті. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен, Нұрлан Әуесбаев, ЖСДП партиясынан президенттікке үміткермін.

Жақында «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев мені ашық дебатқа шақырыпты.

Мен ешкімнен де қорықпаймын! Маған қарсы шыққан кез келген тұлғамен дебатта кездесуге дайынмын!

Орталық сайлау комиссиясынан келесі аптада халықтық коалиция өкілімен республикалық деңгейде дебат өткізуді талап етемін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996684-sailauga-oppoziciya-atynan-tusetin-nurlan-auesbaev-osk-dan-sozzarys-uiymdastyrudy-talap-etti/

pixel