Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жигули Дайрабаев Нұрлан Әуесбаевты дебатқа шақырды (видео)

Опубликовано:

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаевтың Нұрлан Әуесбаевты дебатқа шақырған сәті. Скриншот: Facebook / Toleutay Rakhimbekov

"Ауыл" партиясы атынан Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев ЖСДП кандидаты Нұрлан Әуесбаевты дебатқа шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дайрабаевтың Нұрлан Әуесбаевтың сын-пікіріне қатысты қайтарған жауабы Төлеутай Рақымбековтің Facebook парақшасында жарияланды.

"Біз осы соңғы оншақты күнде Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысын араладық. Түнде ұшып келдік. Уақыт тауып, штабқа келдік. Бұл жерде аз ғана уақыт аялдаған соң Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарына жол тартып барамыз. Facebook-ке қарайтын уақыт та жоқ менде. Ұшақта келе жатып қарасам, Нұрлан Әуесбаев деген азамат "Ауыл" партиясының атына, маған сын айтып жатыр екен. Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік", - деп атап өтті Жигули Дайрабаев.

Ол Әуесбаевқа "бос сөз сөйлегенше, елдің қамын ойлауға кеңес берді".

"Қазақта "Іс қуған қазынаға, сөз қуған бәлеге жолығады" деген жақсы сөз бар... Бір-біріміздің артымыздан бәле іздегенше, елдің қамын ойлау керек. Мемлекеттегі ағайындардың бәрін бірлікке шақыру қажет. Қазақстандықтардың ынтымағын ойлауымыз керек. Далбаса әңгімені қояйық. Кел, мен ашықпын. Қай жерде кездесеміз? Дебатқа барайық па?! Мен ауыл шаруашылығындағы жағдайдың бәрін білемін. Сондықтан қандай кемшілік бар, соларды түзетуге атсалысамын", - деді "Ауыл" партиясының өкілі.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996734-ziguli-dairabaev-nurlan-auesbaevty-debatqa-saqyrdy-video/

pixel