Президенттікке үміткер Қарақат Әбден жастарды Хэллоуинді тойламауға шақырды

Опубликовано:

Қарақат Әбден
Қарақат Әбден. Фото: Facebook/Karakat Abden

Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Хэллоуин мерекесіне қарсы шықты. Ол есесіне ұлттық мерекелерді жаңғыртып, жастарға ұлттық идеологияға үгіттеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы кандидат өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ол арнайы видео түсіріп, жастарды өзге елдің дәстүріне еліктемеуге шақырды.

"Ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр ұлықталған елдің жастары еліктегіш болмайды. Біз осы жағын күшейтуіміз керек. Дәстүрлі мейрамдарымызды насихаттайық! Қазақтың рухани қазынасын балалардың бойына сіңіруді осы кезден бастайық, достар.

Халқымызға жат, жастардың санасын улайтын дүниелерден алшақ болайық!", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996744-prezidenttikke-umitker-qaraqat-abden-zastardy-xellouindi-toilamauga-saqyrdy/