Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекболат Молдабеков Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

Опубликовано:

Бекболат Молдабеков
Бекболат Молдабеков. Фото: Telegram/Ukimet

Үкімет қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің Telegram-арнасы.

"Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкімет хабарламасында.

Айта кетейік, Бекболат Молдабеков еңбек жолын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да жобалық кеңсенің талдаушысы ретінде бастаған. Кейіннен Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің Ақпараттандыру және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау жаңа моделі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандыру және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау жаңа моделі басқармасының басшысы болып жұмыс істеп, кейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары болды.

Министрліктің қайта құрылуына байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде осындай лауазымға ие болды.

2020 жылғы 23 желтоқсаннан 2021 жылдың тамыз айына дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ал осы уақытқа дейін Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997299-bekbolat-moldabekov-adilet-vice-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/

pixel