Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Қырымбек Көшербаев
Қырымбек Көшербаев. Фото: Ақорда

Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ембімұнайгаз" АҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды", - делінген "Ембімұнайгаз" АҚ-ның хабарламасында.

Айта кетейік, еңбек жолын инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастаған Қырымбек Көшербаев әр жылдары түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. Мәселен:

  • 2006-2011 жылдары Маңғыстау облысының әкімі;
  • 2012 жылы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі;
  • 2012-2013 жылдары премьер-министрдің орынбасары;
  • 2013-2019 жылдары Қызылорда облысының әкімі;
  • 2019 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін Президент әкімшілігінің басшысы;
  • 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болды.

Биыл 5 қаңтарда мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997704-qyrymbek-koserbaev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel