Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шағын кәсіпорындарда еңбекті қорғауға қойылатын талаптарды жеңілдету жоспарлануда

Опубликовано:

девушка на работе
Фото: pixabay

Қазақстанда шағын және микро кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптарды жеңілдету көзделіп отыр. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің мамандары еліміздің еңбек заңнамасына тағы қандай өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын айтып берді.

Қазақстанда еңбек заңнамасын өзгертуді көздейтін халықаралық нормаларды ескере отырып, еңбекті қорғауды басқаруда және кәсіптік тәуекелдерді бағалауда жүйелі көзқарасты енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудегі іргелі шара ретінде кәсіби тәуекелді бағалауға көшудің алғашқы қадамдары ҚР Еңбек кодексінде белгіленіп, базалық ұғымдар мен реттеуші тетіктер айқындалған.

Бұдан басқа, Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаттары мен Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ереже бекітілді.

Сонымен қатар кәсіптік тәуекелді жедел бағалау мүмкіндігін енгізе отырып, шағын және микро кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесіне, оның ішінде онлайн сипатта жеңілдетілген талаптарды әзірлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар әдістемелік аппарат жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен, бұл ерекше жағдайларда еңбек ахуалын жіктеу және бағалау мәселелеріне қатысты: жерасты жұмыстары, ашық ауада, биіктікте және тағы басқа. Бұдан басқа, өндірістік факторлардың кешенді және аралас әсері ескеріледі: шу, діріл, иондаушы және электромагниттік сәулелену, микроклимат, жарық ортасы, ауырлық және еңбек қарқындылығы ерекшелігіне байланысты өндіріс салалары.

Еңбек заңнамасына кәсіптік тәуекелдерді бағалауды енгізу зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге кепілдік берудің мәртебелік тізімдік тәсілінен жұмыс орындарындағы нақты ахуалға сүйене отырып, тәуекелге бағдарланған тәсілге көшуді көздейді.

Өз кезегінде, кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жұмыс ауысымындағы зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің жиынтық ұзақтығын анықтау үшін сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Оның ішінде еңбек өтілі шектеулері және кәсіби тәуекел жоғары болған дәрежеде ерте зейнетке шығу. Бұл кәсіби зейнетақымен қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіруге жол ашады.

Осылайша, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс уақыты, жоғары жалақы беру бойынша жеңілдіктер мен өтемақылардың экономикалық тетігін реформалау жоспарлануда. Сондай-ақ кәсіптік тәуекелдерді бағалау нәтижесін ескере отырып, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерін 5%-дан аспайтындай белгілеу қарастырылуда.

Егер өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі техникалық деңгейінде кәсіптік тәуекелдерді, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды жою мүмкін болмаса, онда қорғау шараларын жүргізу қажет және олардың деңгейі кәсіптік тәуекел дәрежесіне байланысты айқындалуға тиіс. Мұндай тәсілдер қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау саласында оқыту және тағы басқа рәсімдерге енгізіледі.

Тұтастай алғанда, тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде және еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуді ескеру арқылы қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету бойынша уақтылы және толық көлемде жүргізілетін шаралар жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін реформалаудың негізгі өлшемшарттары болады. Әрине, кәсіби тәуекелдерді төмендетуге ынталандырушы жайттардың бірі болып табылатын тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу назарда ұсталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997731-qazaqstanda-sagyn-kasiporyndarda-enbekti-qorgauga-qoiylatyn-talaptardy-zenildetu-zosparlanuda/

pixel