Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысындағы "Уралэнергоцветмет" кәсіпорны еңбек жағдайын жақсартуда

Опубликовано:

«Уралэнергоцветмет» ЖШС
Фото: «Уралэнергоцветмет» ЖШС

Өскемендегі жылуды кәдеге жарату қондырғыларын шығарып, орнатумен айналысатын "Уралэнергоцветмет" ЖШС еңбек жағдайын жақсарту мен жұмыс орындарындағы тәуекелді азайту жүйесін құрды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Уралэнергоцветмет" 1966 жылы Свердловск, қазіргі Екатеринбург қаласының аттас ғылыми-өндірістік бірлестігінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды. Бүгінгі таңда ЖШС қызметінің негізгі бағыты Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарында жылуды кәдеге жаратудың заманауи қондырғыларын енгізу болып отыр.

"Іске қосылған жылдар ішінде кәсіпорында еңбек жағдайын жақсарту және жұмыс орындарындағы тәуекелді азайту жөніндегі жүйе қалыптасты және күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Ал 2011 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды болдырмау және алдын алу бойынша нақты міндет қойылды", - дейді "Уралэнергоцветмет" ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі техникалық басшысы Оксана Кузьмина.

«Уралэнергоцветмет» ЖШС
Фото: «Уралэнергоцветмет» ЖШС

Атап айтқанда, кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі құрылып, қауіпсіздік техникасы саласындағы жұмыс пен бақылау ережелері бекітілді.

Жыл сайын еңбекті қорғау бағытын қаржыландыруға қажет шаралар әзірленуде. Мұндай шараларға мыналар кіреді: жабдықтарды жаңғырту; жұмыскерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету; жыл сайынғы кәсіптік тексеруден өту; персоналды оқыту мен біліктілігін арттыру; тұрмыстық үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, өндірістік цехтарды жөндеуден өткізуді қамтитын қажетті санитарлық-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету; сондай-ақ автопарк пен арнайы техниканы жаңарту .

«Уралэнергоцветмет» ЖШС
Фото: «Уралэнергоцветмет» ЖШС

Бұдан басқа, жыл сайын ЖШС ауқымында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық және басқа да нормативтік-заңнамалық актілер саласындағы талаптарды бақылау және орындау бойынша жоспарлар әзірленеді.

"Жыл сайын кәсіпорынның "Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар" ҚР СТ ISO 9001-2016 сәйкестігіне аудит жасалып, бес жылда бір рет осы сертификат қорғалады. Сондай-ақ ЖШС-де бұл стандарттың орындалуы мен сақталуы тұрғысынан сапасын бақылау бөлімі құрылды", - деп нақтылайды Оксана Кузьмина.

«Уралэнергоцветмет» ЖШС
Фото: «Уралэнергоцветмет» ЖШС

Ол қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар кәсіпорынға осы саладағы келеңсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдына қойған міндеттердің бірі - зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын айтарлықтай қысқарту және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету.

Осы мақсатта 2025 жылға дейін Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-қимыл жоспары бекітілді және іске асырылуда. Ол өндірістік жарақаттанудың алдын алу және кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетіктерін жетілдіруді; зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер беру бойынша тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізуді көздейді.

Жоспарға енгізілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай: жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициентін 1000 жұмысшыға шаққанда 0,20-ға дейін төмендету (2021 жылы - 0,22); зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлес салмағын 20%-ға дейін қысқарту (2021 жылы-22,8%) күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997781-sygys-qazaqstan-oblysyndagy-uralenergocvetmet-kasiporny-enbek-zagdaiyn-zaqsartuda/

pixel