Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл тамаша мүмкіндік": Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс беруге келді

Опубликовано:

Қарин
Ерлан Қарин. Фото: t.me/sailau_22

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы № 111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол барша қазақстандықты сайлау құқығын пайдалануға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Менің ойымша, бұл сайлау еліміздің даму болашағын айқындау үшін үлкен маңызға ие. Бұл сайлау жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Сондықтан мен азаматтарды бүгіннен бастап сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалануға шақырамын.

Егер біз еліміздің одан әрі дамығанын, бірлесе шешім қабылдауды қаласақ, менің ойымша, сайлау азаматтардың ынтымақтастығын, азаматтық жауапкершілігін көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Қоғам жаңа оң өзгерістер күтетінін білемін. Менің ойымша бұл сайлау жаңа өзгерістерге серпін береді", - деді Ерлан Қарин журналистерге.

Еске сала кетейік, президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев та алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997971-bul-tamasa-mumkindik-memlekettik-kenessi-erlan-qarin-dauys-beruge-keldi/

pixel