Оппозициядан кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді
Опубликовано:

Президент сайлауында Жигули Дайрабаевтан кейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан кандидат Нұрлан Әуесбаев дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуесбаев Астанадағы Көктал-11 ауданындағы № 198 сайлау учаскесіне барды.
"Мен қаланың шетінде тұрамын, бұл менің сайлау учаскем. Бүгін мен Қазақстан азаматы ретінде өз сайлау учаскеме азаматтық борышымды өтеу үшін, яғни дауыс беру үшін келдім", - дейді ол.
Әуесбаевпен бірге оның штаб жетекшісі да болған.
"Біздің команда керемет жұмыс істеді, барлығыңызға рахмет. Менің қолдаушыларымның арқасында барлық облыс дерлік біздің партия туралы білді. Көңіл-күй өте жақсы, тартысты", - дейді Әуесбаев журналистерге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997975-oppoziciyadan-kandidat-nurlan-auesbaev-sailauda-dauys-berdi/