Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат Әбден президент сайлауында дауыс берді

Опубликовано:

Қарақат Әбден
Қарақат Әбден. Видеодан кадр: Telegram/t.me/sailau_22

Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған Қазақстан президентігіне кандидат Қарақат Әбден сайлауға келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Елдегі демократиялық қозғалыстарды ескере отырып, зор үміт артамын. Біз әділетті, жаңарған Қазақстанға қол жеткіземіз деген ойдамын", - деді ол.

Қаракат Әбден кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған болатын. Ол бүгін Астананың №135 учаскесінде дауыс берді. Қарақат Әбден учаскеге ата-анасымен бірге келген.

Осы уақытқа дейін президенттікке алты кандидаттың үшеуі: Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев және Қарақат Әбден дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997985-qaraqat-abden-prezident-sailauynda-dauys-berdi/

pixel