Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған миллиардтарға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Фото: pexels.com

Президент сайлауында дауыс берген соң Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстаннан шығарылған қаражат туралы сұрақ қойылды. Журналистерді ақшаны елге қайтаруға не ықпал ететіні қызықтырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері түрлі бағалаулар бойынша тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан 50-ден 150 миллиард долларға дейін шығарылғанын атап өтті.

Журналистер Тоқаевтан елден заңсыз әкетілген капиталдардың мемлекетке қайтарылу мүмкіндігі қаншалықты екенін сұрады. Сонымен қатар олар заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға адамдар өз еркімен келісе ме, әлде бұл іске мемлекет араласа ма деген сауал қойды.

"Мемлекеттің жүйелі жұмысы жалғасады. Бас прокурордың басшылығымен арнайы комиссия құрылды, мен бұл комиссияның жұмысын жеке қадағалап отырмын.

Уақыт өте келе біздің елден заңсыз әкетілген капиталды қайтару туралы заң қабылдау керек деп есептеймін. Ал өз еркімен қайтаруға келер болсақ, біз бұны құптаймыз", - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998000-toqaev-qazaqstannan-zansyz-sygarylgan-milliardtarga-qatysty-pikir-bildirdi/