Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауда дауыс берді
Опубликовано:

Қазақстан президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Салтанат Тұрсынбекова Астанадағы № 107 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол сайлауға жалғыз келді.
"Көңіл-күй көтеріңкі. Салтанатты деп айтпаймын, өйткені әзірге нәтиже жоқ. Бірақ жақсы, өйткені біз халықпен белсенді жұмыс жүргіздік, мен оның нәтижелеріне ризамын", - деді президенттікке кандидат журналистерге.
Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары – дәстүрге жол" РҚБ-дан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған болатын.
Осы сағатқа дейін президенттікке кандидат алты адамның төртеуі сайлауда дауыс берді. Олар - Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден және Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында Қазақстандағы президент сайлауына азаматтардың қатысуы туралы алғашқы деректерді жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998022-prezidenttikke-kandidat-saltanat-tursynbekova-sailauda-dauys-berdi/