Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Құдай қаласа, 21 жылда елде үш президент болады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/БОРТ N1

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауда өз таңдауын жасаған соң БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында болашақ мемлекет басшысы үшін 7 жылдық мерзім жеткілікті деп санайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Менің ойымша, жеті жыл жеткілікті. Өйткені бұл кез келген адамның өмірінде ұзақ мерзім. Ең бастысы, елімізде билікте монополия болмайды. Билік монополиясына тыйым салынады, бұл өте маңызды мәселе. Құдай қаласа, 21 жылда елде үш президент болады, бұл дұрыс шешім", - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Тоқаев сайлаудағы қарсыластары туралы пікір білдірді. Ол кандидаттармен жақсы таныс емес екенін айтты.

Ол сонымен қатар елдің заң шығарушы органдарында оппозицияны күтетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998025-toqaev-qudai-qalasa-21-zylda-elde-us-prezident-bolady/

pixel