Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс берді (видео)
Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлауда дауыс берді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына дауыс беру рәсіміне қатысу үшін Астанадағы № 393 сайлау учаскесіне келді", - деп жазды ол.
Айдос Үкібай Назарбаев дауыс берген сайлау учаскесінің видеосын да жариялады.
Еске сала кетейік, сайлауға түскен алты кандидат - Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден және Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы өз ресми сайтында Қазақстандағы президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы алғашқы деректерді жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998030-nursultan-nazarbaev-prezident-sailauynda-dauys-berdi-video/