Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де тергеу мен соттың аяқталуын күтіп жүрмін": Назарбаев Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: theopenasia.net

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі президент сайлауында дауыс беруге келді. Журналистер тұңғыш президент өз таңдауын жасаған соң бірнеше сұрақ қойды. Тілшілер одан Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдіруін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Назарбаевтан Мәсімовпен ұзақ жыл жұмыс істегендіктен, оның ісіне қатысты пікір білдіруін сұрады. Тілшілерді Мәсімов шынымен кінәлі болса, оның артында кім тұруы мүмкін екені де қызықтырды.

"Бұл мәселе маған да қызық, оған не себеп болды, оның артында кім тұр? Мен де тергеу мен соттың аяқталуын күтіп жүрмін. Мәсімов менімен көп жыл жұмыс істеген, бірақ қайдан білеміз?

Иса Мәсих қасында отырған Яһуданың сатқын екенін білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сондықтан соттың соңын күтейік, мұны бәріміз білетін боламыз деп ойлаймын", - деп жауап берді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998038-men-de-tergeu-men-sottyn-ayaqtaluyn-kutip-zurmin-nazarbaev-masimovtin-isine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel