Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сот шешімі әділ болды деп санаймын": Назарбаев Сатыбалдыұлының сотына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс бергеннен кейін Қайрат Сатыбалдыұлының сотына қатысты пікір білдірді. Ол сот шешімін әділ деп санайтынын айтты, деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

"Менің ойымша, сот шешімі әділ болды деп санау керек. Егер адам оны әділетсіз деп санаса, шағым түсіруі қажет. Қалай болғанда да, бәрі сот жүйесі арқылы шешіледі", - деп жауап берді Назарбаев.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы биыл наурыз айында қызмет бабын асыра пайдаланды және Қазақтелеком АҚ-тың ірі көлемде қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Қыркүйек айында Сатыбалдыұлы кінәсін мойындап, ЦТС пен Қазақтелеком компанияларына 12 миллиард теңге және 28 миллиард теңге мүліктік шығынды өтеген.

Кейін сот шешімімен Қайрат Сатыбалдыұлына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды. Сонымен қатар сот мүлкін тәркілеуді, президенттің атына оны генерал-майор шенінен, Құрмет және Парасат ордендерінен айыру туралы өтінішхат жолдауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда, Ұлттық банкте 10 жыл мерзімге лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы қаулы шығарды.

Бұған қоса, Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің мәліметінше, сотқа дейін Сатыбалдыұлы және басқа да тергеудегілер мемлекетке тағы 240 миллиард теңге қайтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998044-sot-sesimi-adil-boldy-dep-sanaimyn-nazarbaev-satybaldyulynyn-sotyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel